Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістанда кәріз жүйесі бойынша бірнеше жоба іске асырылып жатыр

26 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
Түркістанда кәріз жүйесі бойынша бірнеше жоба іске асырылып жатыр
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл жұмыстар қала аумағындағы магистралды желілермен қатар, ішкі орам көшелерін де қамтуда. Түркістан қаласында кәріз жүйелерін дамыту бағытында ауқымды жобалар іске асырылуда. Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы брифинг өткізіп, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Брифинг барысында қала аумағында жүзеге асырылып жатқан кәріз жүйелерін дамыту мәселесі де кеңінен талқыланды. Қала басшысы кәріз инфрақұрылымын жетілдіруге қатысты бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті. 2020-2025 жылдар аралығында Түркістан қаласында кәріз жүйелерін дамыту бағытында ауқымды жобалар іске асырылуда. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 263,3 шақырымды құрайтын сарқынды су жүйелерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобалар аясында қала аумағында инженерлік инфрақұрылымды толық қамту мақсатында бірқатар құрылыс нысандарының салынуы жоспарланған. Атап айтқанда, 5 бірлік сарқынды суларды тазарту имараты, 21 бірлік канализациялық сорғы станциясы және 4 бірлік шығын реттегіш құдықтың құрылысы қарастырылған. Бұл нысандардың іске қосылуы кәріз жүйесінің қуаттылығын арттырып, халықты сапалы қызметпен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінде Түркістан қаласында 27 КНС бар. Олардың 7-і 1980 жылы, 3-еуі 2010 жылы, ал 17-сі 2014 жылы пайдалануға берілген. Қолданыстағы сарқынды су құбырларының ұзындығы 401,6 шақырымды құрайды. Бұл желілерге 17 581 абонент қосылған. Жалпы орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 36,5 пайыз деңгейінде. Қала тұрғындарын толық кәріз жүйесіне қосу мақсатында қазіргі уақытта 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 7 нысанды 2025 жылдың соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда кәріз жүйесінің құрылысы аяқталған 159 көшеде асфальт төсеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қаланың негізгі магистралды көшелерінде жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ендігі кезекте, абоненттік қосылымдарды жедел іске асыру арқылы асфальттау жұмыстарын кешіктірмей аяқтау көзделуде.

Алдыңғы пост

Түркістан облыстық мәслихатының XVII сессиясы өтті

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Төлебиде 156 пәтер пайдалануға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі