Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Төлебиде 156 пәтер пайдалануға беріледі

26 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Төлебиде 156 пәтер пайдалануға беріледі
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жобаның жалпы құны — 2 млрд 79,2 млн теңге. Төлеби ауданын дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төлеби ауданы, Абай ауылында 138 гектар аумаққа 300 мыңға жуық алма көшеті отырғызылған. Көшеттердің барлығы Италиядан жеткізілген. Алма бауы тамшылатып суғару жүйесімен жабдықталған. Ағын судың мол қорын дайындау үшін баудан 3-4 шақырым биіктікте «Қошқарата» су тоғаны соғылған. Жобаның жалпы құны 1,65 млрд теңгені құрайды. Алма бауының жұмыстарымен ауданға арнайы баспасөз турымен келген БАҚ өкілдері танысты.

Шаруашылықта қазіргі таңда алманың Гренни смит (50 мың түп), Айдаред (50 мың түп), Голден делишес (115 мың түп), Гала (50 мың түп) сынды төрт сорты өсірілуде. Шаруа биыл алма өнімдерінен табиғи шырын дайындайтын цехты іске қосуды жоспарлап отыр. Оның қуаты тәулігіне 1 тонна шикі өнімді өндіруге қауқарлы. Жобаның құны — 682,4 млн теңге. Сондай-ақ, шаруа өз қаражаты есебінен жеміс өнімдерін сақтауға арналған 500 тонналық қойма құрылысын аяқтағалы отыр. Сонымен қатар, журналистер аудан орталығындағы медицина және педагогика саласында 580 балаға білім беретін колледж жұмысымен танысты. Аталған кәсіптік білім беру мекемесі 10 бағытта мамандар даярлайды.

Айта кететін жайт, бұл оқу орны жеке қаражат есебінен салынған. Ғимаратты толық аяқтауға 150 млн теңге қаржы жұмсалған. Сондай-ақ, БАҚ өкілдері Ленгір қаласындағы 5 қабатты 3 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Жобаның жалпы құны — 2 млрд 79,2 млн теңге. Тұрғын үй — 156 пәтерлі, ал жалпы ауданы — 10 026 шаршы метр. Аталған құрылыс нысанын 2025 жылдың қазан айында пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Сонымен қатар, журналистер сапар барысында Бірінші Мамыр ауылында орналасқан жылына 43 мың тонна асфальт-бетон өндіретін зауытқа барды. Онда 14 адам жұмыспен қамтылған. Аталған зауыттың жалпы құны — 110 млн теңге. Баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері балмұздақ өнімдерін шығаратын цех жұмысымен танысты. Өндіріс орны 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Онда жылына 3 мың тоннаға жуық балмұздақ, 15 тонна тұшпара шығарылады. Цехта 125 адам жұмыс істейді.

Алдыңғы пост

Түркістанда кәріз жүйесі бойынша бірнеше жоба іске асырылып жатыр

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте жаңа мәдениет үйі мен заманауи спорт кешені ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі