Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығын зерттеу орталығы мен университеті ашылуы ықтимал

30 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығын зерттеу орталығы мен университеті ашылуы ықтимал
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өңір басшысы бұл бағыттағы бастамаларға толық қолдау болатынын жеткізді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторлар мен ауыл шаруашылығы саласын зерттеуші ғалымдармен, профессорлармен кездесті. Кездесуде Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығы саласын ғылыми негізде дамыту, су үнемдеу технологиялары мен топырақ құрамын зерттеу мамандарын даярлайтын ғылыми орталық құру, оны дамыта келе университет ашу мәселесі талқыланды. Өңір басшысы бұл бағыттағы бастамаларға толық қолдау болатынын жеткізді. – Түркістан облысына қош келдіңіздер. Бүгінде өңірімізде ауқымды инвестициялық жобалар іске асырылуда. Облысты жан-жақты дамыту жұмыстары жүруде. Биыл Түркістанда Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалын ашу жоспарланып отыр. ІТ мамандары даярланады. Дегенмен Түркістан өңірі ауыл шаруашылығы бойынша елімізде бірінші орында тұр. Сондықтан осы саланы терең зерттейтін әрі ауыл шаруашылығы, су, жер өңдеу, өсімдіктердің сапалы тұқымдарын әзірлейтін мамандар даярлайтын ғылыми орталық, лаборотория, университет ашуға мүдделіміз. Осы бағыттағы ұсыныстарды қабылдаймыз және қолдау көрсетеміз. Ол зерттеу орталығы тек Түркістан облысына ғана емес, өзге өңірлерге де мамандар даярлауға үлес қосады. Ұсыныстарға ашықпыз, – деді Нұралхан Көшеров. ҚХР-дың Пекин ауыл шаруашылығы университетінің вице-президенті әрі профессоры Ду Тайшэн Түркістан облысының ауыл шаруашылығындағы әлеуеті өте жоғары екеніне тоқталды. Осындағы мақта шаруашылығына қатысты инвестициялық жобалар жүзеге асып жатқан аймақты зерделеп, су үнемдеу технологиясын енгізу жолдарын жандандыру, суды тиімді пайдалану, топырақ құнарын зерттеуге қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді. Осы бағытта жұмыстар басталуда. Мамандар әзірлеуге, зерттеуге көмек көрсетіледі. Ал арнайы ғылыми орталық пен университет ашу мәселесі мемлекетаралық деңгейде шешілетін мәселе екеніне тоқталған ол, бұл ұсыныстар зерделенетінін атап өтті.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Төлебиде жыл бойы жұмыс істейтін лагерь ашылды

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Сенат және Мәжіліс депутаттарымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі