Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Сенат және Мәжіліс депутаттарымен кездесті

1 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Облыс әкімі Сенат және Мәжіліс депутаттарымен кездесті
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қабылданған жаңа Заңдар, өңірді дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Түркістан облысына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапарымен келді,. Түркістан облысына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек, Алишер Сатвалдиев, Ұласбек Сәдібеков, Қайрат Балабиев, Кенжеғұл Сейтжан және Нұрсұлтан Байтілесов жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулыларымен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кездесіп, қабылданған жаңа Заңдар, өңірді дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

– Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Өңірді дамытуда өздеріңіздің қолдауларыңызды сезініп жүрміз. Биыл «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Ол үшін ел атынан алғысымды білдіремін. Жартыжылдықты қорытындылап жатырмыз. Барлық аудан, қаланы аралап, елдің тілектерін тыңдадық. Қорыта келе газ, ауыз су мәселесін түбегейлі шешу, әлеуметтік нысандар салу, инфрақұрылымға қатысты мәселелерді шешумен қатар бизнеске қолайлы жағдай жасауды басым бағытқа қойып отырмыз. Шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету, өндіріс орындарын ашу, индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парктерді дамытуға күш салудамыз. Мақсатымыз – жұмыс орындарын ашу және облыстың өзіндік кірісін ұлғайту. Бұл ретте сіздермен бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.

Кездесуде депутаттар еліміздегі саяси реформалар, Президенттің бастамалары, жаңадан қабылданған Заңдар туралы ой-пікірлерін айтып, алдағы жоспарларын таныстырды. Бюджетті қалыптастыру, қуаңшылық мәселесі, ауыл шаруашылығындағы түйткілдер, инфрақұрылымды жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, Бәйдібек ауданын экологиялық аймаққа енгізу, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мәселелері де көтерілді. Халық қалаулылары Түркістан облысын дамыту жұмыстарына оң бағасын беріп, елдің әлеуетін көтеру бағытында бірлесе іс атқаруды жалғастыратындарын жеткізді.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Ауыл шаруашылығын зерттеу орталығы мен университеті ашылуы ықтимал

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Жаңа кәсіпорындар ашу бойынша меморандум жасалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі