Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АӨК саласындағы жұмыстардың 6 айлық қорытындысы талқыланды

2 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: АӨК саласындағы жұмыстардың 6 айлық қорытындысы талқыланды
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Агроөнеркәсіп кешені саласындағы тапсырмалардың орындалуы сараланды. Түркістан облысында АӨК жалпы өнім өндіру және инвестиция тарту жоспарының 6 айлық қорытындысы талқыланды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төралығымен өткен жиында АӨК жалпы өнім өндіру және инвестиция тарту жоспарының 6 айлық қорытындысы талқыланды. Күн тәртібінде ұлттық ауыл шаруашылығы санағының жағдайы, 6 айдың қорытындысымен статистикалық есептіліктің тапсырылу барысы, агроөнеркәсіп кешені саласындағы тапсырмалардың орындалуы сараланды. Облыс әкімінің орынбасары салалық индикаторларды тиісті деңгейде орындамаған жауапты тұлғаларға сын-ескертпе айтып, кемшіліктерді қалпына келтіруге уақыт берді.

– Жұмыс сапалы әрі уақытылы орындалса, бекітілген межеге қол жеткізуге ешқандай кедергі жоқ. Жоспар жүйелі атқарылып келеді. Дегенмен, кейбір аудандарда кемшіліктер орын алуда. Тапсырмалар тиісті деңгейде орындалмаған жағдайда, шара көріледі. Заң талаптарын сақтай отырып, жұмысты сапалы, мерзімінде орындап шығу керек, – деген Нұрбол Тұрашбеков жұмысты жандандыруды тапсырды. Жиын барысында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жанар Ережепова жалпы өнім көлемінің 6 айға болжамы туралы баяндады. Оның айтуынша, Арыс қаласы мен Бәйдібек, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш аудандарында респонденттердің статистикалық есепті тапсыруы толық қамтамасыз етілмеген. Инвестиция тарту бойынша аудан, қала әкімдіктері 6 айлық жоспардың 104,6 %-ға орындалатыны туралы мәлімет ұсынған. Ауыл шаруашылығы – Түркістан облысының негізгі драйверлерінің бірі. Өңірде бұл саланы жан-жақты дамытуға басымдық берілген. Бекітілген жоспардың тиісті деңгейде орындалуы тікелей аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің бақылауында тұр.

Алдыңғы пост

Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Ауылдық округтердің ғимараттардың жағдайы зерделенді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі