Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Ауылдық округтердің ғимараттардың жағдайы зерделенді

2 июля, 2025
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Ауылдық округтердің ғимараттардың жағдайы зерделенді
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжілісте ауылдық округтердегі ғимараттардың жай-күйі зерделеніп, тиісті мәліметтер берілді. Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін көтеру мәселелері талқыланды . Түркістан облысының 181 ауылдық округінің 164-інің әкімдігі өз ғимаратында, 15-і мәдениет үйінде, 2-уі жалға алынған ғимаратта орналасқан. Ал облыс бойынша 181 ауылдық округте 160 полиция бекеті бар. Бекеттердің 133-і Полиция департаментінің меншігінде болса, 27-сі аудандық әкімшілік меншігіндегі ғимараттарда орналасқан. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте ауылдағы әкімдіктер мен полицияның жұмысын сапалы атқаруын жүйелеу, ғимараттарын реттеу, осы арқылы мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін көтеру мәселелері талқыланды.

– Мемлекеттік қызмет пен полиция сапында еңбек ету – абыройлы міндет. Әрбір ауылдық округтің әкімдері сол аумақта тұрып, ауылдарды дамытуға үлес қосуы тиіс. Тәртіп сақшылары да жұмысты жандандырып, қоғамдық тәртіпті сақтауы керек. Ал осы міндеттерді сапалы орындау үшін жұмыс орны, ғимараты да талапқа сай болуы қажет. Осы мәселелерді зерделеп, тиісті ұсыныс беріңіздер, – деді Нұралхан Көшеров.

Мәжілісте ауылдық округтердегі ғимараттардың жай-күйі зерделеніп, тиісті мәліметтер берілді. Ауылдық округ әкімдіктерінің штат санына келсек, 181 ауылдық округте жалпы 57 штат жетіпсеушілігі бар. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Нұркен Аралбеков баяндады. Бүгінгі таңда облыс көлемінде жалпы 17 әкімдіктің ғимараттары ескірген. Әкімдік тарапынан ауылдық округі әкімі аппараты ғимараттарын жаңарту аясында ғимараттың біркелкі эскизін бекіту жөнінде тапсырма берілген болатын. Осыған сәйкес облыстық құрылыс басқармасы ауылдық округ әкімдігі ғимаратының біркелкі эскиздерін әзірледі. Егер құрылыс қолға алынса, осы үлгілер негізге алынбақ. Мәжілісте осы және өзге де мәселелер талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді. Ауылдарды дамыту, инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: АӨК саласындағы жұмыстардың 6 айлық қорытындысы талқыланды

Келесі жаңалық

мТүркістан облысында дрондар шығарылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі