Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістанда алғаш рет ішкі ұйқы артериясын стенттеу операциясы сәтті жүзеге асырылды

13 декабря, 2025
in Uncategorized
0
Түркістанда алғаш рет ішкі ұйқы артериясын стенттеу операциясы сәтті жүзеге асырылды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында медицина саласындағы маңызды тарихи оқиға тіркелді. Алғаш рет ішкі ұйқы артериясын стенттеу және селективті церебральды ангиография оталары сәтті орындалды. Бұл – өңірде жоғары технологиялық нейрохирургиялық көмекті дамыту жолындағы үлкен қадам.

Күрделі диагноз – заманауи шешім

1967 жылы туған науқаста жедел ми қан айналымының бұзылысы аясында оң жақ ішкі ұйқы артериясының гемодинамикалық маңызды стенозы (70%-ға дейін) анықталған. Ауру моторлы афазиямен, сол жақ гемипарезбен, когнитивтік және есте сақтау қабілетінің төмендеуімен, сондай-ақ айқын цефалгиялық синдроммен асқынған.

Науқасқа оң жақ ішкі ұйқы артериясы арқылы селективті церебральды ангиография жүргізіліп, кейіннен стенттеу операциясы жасалды. Бұл күрделі әрі жоғары дәлдікті қажет ететін ота Түркістан қаласында алғаш рет жүзеге асырылды.

Тағы екі науқасқа жоғары технологиялық көмек көрсетілді

Сонымен қатар, бір мезгілде тағы екі науқасқа заманауи нейрохирургиялық ем жүргізілді:

1964 жылы туған науқаста сол жақ ішкі ұйқы артериясының 55%-ға дейін стенозы және өтпелі ишемиялық шабуыл салдары анықталған. Науқасқа селективті церебральды ангиография жасалып, артерияға стент орнатылды. Сонымен бірге, науқаста артериялық гипертонияның III сатысы (қауіп 4), жүрек жеткіліксіздігінің II функционалдық класы және 2 типті қант диабеті тіркелген.

1965 жылы туған үшінші науқаста ишемиялық инсульт салдарынан оң жақ ішкі ұйқы артериясының 50%-ға дейін стенозы анықталған. Оған жоспарлы түрде ықтимал стенттеумен селективті церебральды ангиография жүргізілді.

Заманауи әдістер – инсульттің алдын алудың тиімді жолы

Мамандардың айтуынша, селективті церебральды ангиография – ми қан тамырларының анатомиялық және функционалдық жағдайын жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік беретін озық диагностикалық әдіс.
Ал ішкі ұйқы артериясын стенттеу – миға баратын қан ағымын қалпына келтіріп, қайталама инсульт қаупін айтарлықтай төмендететін, аз инвазивті әрі тиімді хирургиялық тәсіл.

Операцияны тәжірибелі нейрохирургтер атқарды

Жоғары технологиялық оталарды:

Облыстық клиникалық аурухананың нейрохирург дәрігерлері Сапаков Сапарғали Бейсенбекович, Орал Абылай Нұрғалиұлы,

Түркістан қалалық орталық ауруханасының нейрохирургі Хамит Алибек Усенұлы

сәтті орындады.

Өңір медицинасы үшін үлкен мүмкіндік

Аталған күрделі оталардың Түркістан қаласында енгізілуі – өңір медицинасының жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Енді облыс тұрғындары мен көршілес аудандардың халқы жоғары технологиялық нейрохирургиялық көмекті өз өңірінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін ала алады.

Бұл бастама инсульттің алдын алу, ерте диагностика мен уақтылы ем жүргізу арқылы мыңдаған адамның өмір сапасын жақсартуға және өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

Алдыңғы пост

Түркістан облысында республикалық маңызы бар жолдардағы гигиеналық тораптар жүйесі қатаң бақылауда

Келесі жаңалық

Түркістан қаласында алғаш рет жоғары технологиялық нейрохирургиялық процедуралар енгізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі