Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облысында шетелдік инвестицияларды тарту бағытындағы қадамдар

9 декабря, 2025
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан облысында шетелдік инвестицияларды тарту бағытындағы қадамдар
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Түркістан облысы Қазақстанның оңтүстігіндегі экономикалық және индустриялық дамудың маңызды орталығы болып табылады. Өңірде инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалған: дайын индустриалдық аймақтар, инфрақұрылым, көлік-логистикасы және салықтық жеңілдіктер. Соңғы жылдары шетелдік және отандық компанияларды тарту арқылы облыстың өндірістік қуаттары арттырылуда, жаңа жұмыс орындары ашылуда, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібі дамуда.

Мысалы: Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Кездесу барысында әріптестікті нығайту, инвестиция тарту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағытында келіссөз жүргізілді. Өңір басшысы Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті туралы баяндады. Франциялық танымал компаниялар мен брендтерді Түркістанда жұмыс істеуге шақырды.

– Сізді Түркістан облысында қарсы алғаныма қуаныштымын. Қазақстан мен Франция – маңызды экономикалық серіктестер, ал біздің қарым-қатынасымыз 1992 жылдан бері белсенді дамып келеді. Дәл сол жылы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясы құрылған болатын. Елімізде француз капиталы бар 170-ке жуық компания табысты жұмыс істеуде. Ынтымақтастықтың жарқын мысалы – Түркістан облысындағы Мойынқұм және Төртқұдық уран кен орындарын игеріп жатқан «Orano» және «Қазатомөнеркәсіптің» бірлескен KATCO кәсіпорны. Оның жылдық өндірістік қуаты 4 мың тонна уранды құрайды. Түркістанда ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген аса маңызды тарихи ескерткіш Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан. Биыл Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуі туризм саласына инвестиция тартуда мультипликативтік әсер қалыптастырады. Өңірде тарихи және мәдени ескерткіштер, көркем табиғат ландшафттары және сауықтыру орындары шоғырланған. Түркістан қаласында жылына 3 миллионнан астам жолаушыны қабылдайтын халықаралық әуежай жұмыс істейді. Туристерді шақырамыз. Облыста табиғи ресурстар бар. Қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар жыл бойы ауыл шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді. Біздің өңір елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша бірінші орында тұр. Түркістанда қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. Индустриалды және арнайы экономикалық аймақтарымыз бар. Сонымен қатар «Шағын өнеркәсіптік парктер» желісін дамытып жатырмыз. Әріптестікті жаңа деңгейге көтеруіміз керек. Оған толық мүмкіндік бар. Біз француз компанияларымен байланыс орнатып, жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайынбыз, – деген Нұралхан Көшеров Франция компанияларын Түркістан облысына инвестиция салуға шақырды.

Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиоге мен елшілік өкілдері әріптестікті жан-жақты дамытуға мүдделі екендерін, Түркістан өңірінің әлеуетін франциялық компанияларға таныстыратындарын жеткізді. Жобаларды терең талдап, мәлімет алмасуды ұсынды. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы, туризм, білім, өндіріс, сауда салалары бойынша байланысты нығайтып, жобаларды қарастыру жөнінде уағдаласты.

Түркістан облысының әкімі Франция компанияларын өңірге инвестиция салуға шақыруы өңірдің экономикалық даму стратегиясының айқын көрінісі болып отыр. Бұл қадам тек жаңа өндірістерді ашуға ғана емес, сонымен қатар халықаралық серіктестікті нығайтуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және технологиялық жаңашылдықтарды енгізуге мүмкіндік береді. Франция сияқты дамыған елдің компанияларын тарту арқылы облыс инфрақұрылымын жетілдіру, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамытудың жаңа деңгейіне шығару мақсатында нақты қадамдар жасалуда.

Алдыңғы пост

TITF–2025: Түркістанда 432,2 млрд теңгеге 7 ірі инвестициялық меморандумға қол қойылды

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ САРАЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі