Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Сауда және интеграция вице-министрі Түркістан облысындағы кәсіпорындарды аралады

11 декабря, 2025
in Басты жаңалықтар
0
Сауда және интеграция вице-министрі Түркістан облысындағы кәсіпорындарды аралады
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі ірі өндірістік нысандар мен сауда инфрақұрылымдарының қызметімен танысты. Сапардың негізгі мақсаты – өңірдің инвестициялық климатын жетілдіру, отандық өндірісті қолдау және кәсіпкерлермен тікелей диалог орнату болды.

Іссапар барысында вице-министр облыстық әкімдік өкілдерімен бірге бірқатар өнеркәсіп орындарын аралап, кәсіпорын басшыларымен кездесіп, өндірістің даму қарқыны мен өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар бизнес өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру жолдарына назар аударды.

Арнайы экономикалық аймақтар – өндіріс дамуының драйвері

Айдар Әбілдабеков ең алдымен «Turan» арнайы экономикалық аймағы мен индустриалды аймақта орналасқан кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Атап айтқанда, өңірде ірі текстиль кластерін қалыптастырып жатқан «Kazakhstan Lihua» ЖШС-нің өндіріс алаңында болды.

Бұл жоба Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын дамыту және озық агротехнологияларды енгізу жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған. Жобаның басты ерекшелігі – мақта өсіруден бастап дайын киім өндіруге дейінгі толық өндірістік циклді қалыптастыру. Нәтижесінде Отырар ауданы мен Арыс қаласында 60 мың гектар суармалы алқапта Орталық Азиядағы ең ірі мақта өндіру кешенін құру жоспарланған. Жоба іске асқан жағдайда 1 400-ден астам тұрақты және 300-ден аса уақытша жұмыс орны ашылады.

Өндірісті әртараптандыру және импортты алмастыру

Сапар аясында вице-министр «ER-QAN GROUP» ЖШС-нің полиэтилен пакеттері мен пластик ыдыстар шығаратын зауытының жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорын орамдағы полиэтилен пакеттері мен желім (пластик) ыдыстарын өндіру арқылы ішкі нарықты отандық өніммен қамтып, импортты алмастыруға үлес қосып келеді.

Сонымен қатар Сауран ауданындағы өндірістік аймақта орналасқан бірқатар кәсіпорындар да назардан тыс қалмады. Мұнда вице-министр:

өнеркәсіптік тоңазытқыштар өндіретін «UBC Group» ЖШС;

пластмасса өнімдерін шығаратын «Сауран Пласт» ЖШС
кәсіпорындарының қызметімен танысып, өндіріс иелерімен ашық пікір алмасты.

Сауда инфрақұрылымы және кәсіпкерлік диалог

Іссапар барысында Айдар Әбілдабеков Түркістан қаласындағы «Turan Mall» көпсалалы сауда-ойын-сауық кешенінде болып, нысанның жұмысымен танысты. Мұндай кешендердің қаланың экономикалық белсенділігін арттырудағы рөлі мен ішкі сауданы дамытудағы маңызы атап өтілді.

Екі күндік жұмыс сапарының қорытындысы ретінде облыс орталығында сауда және импорт саласында қызмет атқаратын ірі кәсіпкерлермен арнайы кездесу өтті. «Ұлы дала елі» орталығында ұйымдастырылған жиынға 100-ден астам кәсіпкер қатысып, саланың өзекті мәселелері, импорттық тәуелділікті азайту, логистика, кедендік рәсімдер және сауда тетіктерін жетілдіру тақырыптары талқыланды. Кәсіпкерлер вице-министрге тікелей сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Құрылыс және металлургия саласындағы жобалар

Сапар соңында вице-министр Ордабасы ауданындағы индустриалды аймаққа барып, бірқатар ірі өндірістік жобалармен танысты. Атап айтқанда:

құрылыс материалдарын өндіретін «Altyn Bricks» ЖШС;

алюминий өнімдерін шығаратын «Central Asia Aluminum» ЖШС
кәсіпорындарының жобалары қаралды.

Бұл жобалар өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, құрылыс және өңдеу саласының дамуына серпін береді.

Сауда және интеграция вице-министрінің Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары өңірдің өндірістік, инвестициялық және сауда әлеуетін кешенді бағалауға мүмкіндік берді. Кәсіпкерлермен тікелей диалог орнату арқылы нақты мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды.

Мұндай сапарлар мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара сенімді нығайтып, Түркістан облысын инвестицияға тартымды әрі экономикалық тұрғыдан қуатты өңірге айналдыруға ықпал етеді.

Алдыңғы пост

Түркістан облысы су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша көшбасшылар қатарында

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Мақтааралда 3 мыңға жуық тұрғыны бар ауылға табиғи газ берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі