Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облысы су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша көшбасшылар қатарында

11 декабря, 2025
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан облысы су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша көшбасшылар қатарында
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздегі жалпы өнім көлемінің 13% өңірге тиесілі немесе жыл сайын 1 трлн. теңгеден астам өнім өндіріледі. Түркістан облысы су үнемдеу технологиясын енгізу мен «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруда көшбасшылар қатарында. Түркістан облысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен келіп, алдағы вегетациялық кезеңге дайындық барысы және ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру мәселесі бойынша мәжіліс өткізді. Сонымен бірге «Ауыл аманаты» іске асырылу барысы да талқыланды. Вице-премьер жауапты министрлер мен облыс әкіміне осы бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсуді тапсырды. – Су тапшылығы қазірдің өзінде халықтың өмір сүру сапасына және экономиканың тұрақты дамуына тікелей кері әсерін тигізуде, бұл су ресурстарын тиімді басқару және пайдалану тиімділігін арттыру мәселелерін ерекше өзекті етеді. Қауіп-қатерлерді азайту және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында су үнемдейтін технологияларды, суару әдістерін және ирригациялық жүйелердің жағдайын мониторинг жүргізу тәсілдерін кеңінен енгізуді күшейту қажет. Сонымен қатар су ресурстарын заңсыз пайдалану, соның ішінде «қара нарық» жағдайларын болдырмау үшін құқық қорғау органдарының белсенді қатысуымен қарсы шаралар қабылдануы тиіс. егіс құрылымдарын әртараптандыруға, сондай-ақ құрғақшылыққа төзімді және аз су қажет ететін дақылдарды енгізуге ерекше назар аудару қажет. Мұндай тәсіл су ресурстары шектеулі жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауылдық аймақтардың тұрақты дамуын қолдауға мүмкіндік береді, – деді Қанат Бозымбаев. Мәжілісте Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірде су үнемдеу технологияларын енгізуге және өндіріс орындарын ашуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытына басымдық беріліп отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен су үнемдлеу технологияларын енгізу, су нысандарын реттеу жұмыстары үздіксіз жүріп жатқанын жеткізді. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков су үнемдеу технологиясын енгізу және «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы көрсеткіштерді баяндады. Өзге де спикерлер мәселелерге қатысты мазмұнды баяндамалар жасады. Айта кетейік, Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені республикада ерекше орын алады. Еліміздегі жалпы өнім көлемінің 13% өңірге тиесілі немесе жыл сайын 1 трлн. теңгеден астам өнім өндіріледі. Биыл су үнемдеу технологияларын 27 мың гектарға енгізу жоспарланып, нақты 59 мың гектар алқапқа егілді.Оның ішінде 53,7 мың гектарға тамшылатып суару, 6,2 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиялары қолданылып, жоспар 2 есе артық орындалды. Жалпы бүгінгі күнге облыста 114 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді. Үнемделген су көлемі – 195 млн.м³. Жыл сайын 50 мың гектарға технологияны қосымша ендіру арқылы 2030 жылға қарай 364 мың гектар алқаптан 622,8 млн.текше метр су үнемдеу көзделіп отыр. Cу үнемдеу технологиялары өндірісін дамыту, қолжетімділігін арттыру мақсатында қуаттылығы 163 мың гектаралқапты қамтитын 4 кәсіпорын іске қосылды. Сонымен қатар 2026 жылы жылдық қуаттылығы 30 мың гектар алқапты құрайтын 2 кәсіпорын іске қосылады. Мақта мен күріш өсіруде жаңа су үнемдеу технологиялары қолданылып,нәтижесінде артық өнім алынды. Облысқа 2023-2025 жылдары «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен жалпы 30,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 2023 жылы 19,8 млрд теңге толық игерілсе, 2024 жылы3,0 млрд теңге игерілді. 2025 жылға7,4 млрд теңге қарастырылған. Аталған қаражат есебінен 6 бағыт бойынша 3 790 жоба қаржыландырылып, жалпы 25,6 млрд теңге несие берілді. Осы бағдарлама арқылы шағын кәсіпкерлік 3 662 бірлікке артты, 23,2 гектарға 477жылыжай кешені салынды. Мал басы 72 982-ге ұлғайса, 39 қайта өңдеу кәсіпорны іске қосылды. 4 174 жаңа жұмыс орны ашылып, АӘК алушылар саны 441 адамға қысқарған. Мәжілісте осы салаларды дамыту бағытында ұсыныстар беріліп, жауаптыларға міндеттер жүктелді. Бөлісу

Алдыңғы пост

Кәріз жүйесін дамыту – Түркістан қаласының экологиялық қауіпсіздігі мен өмір сапасының негізі

Келесі жаңалық

Сауда және интеграция вице-министрі Түркістан облысындағы кәсіпорындарды аралады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі