Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданында шетелдік инвесторлар агроөндірістік кешенді дамыту жобасын табысты жүзеге асыруда

7 января, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Жетісай ауданында шетелдік инвесторлар агроөндірістік кешенді дамыту жобасын табысты жүзеге асыруда
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында инвестициялық ахуалды жақсарту, өндіріс саласын дамыту және шетелдік капиталды тарту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Соңғы жылдары өңірде ірі инвестициялық жобаларды қолға алып, жаңа кәсіпорындар ашуға ниетті инвесторлар қатары айтарлықтай артты. Бұл – облыстың экономикалық әлеуеті жоғары екенін және инвесторлар үшін сенімді әріптеске айналғанын көрсетеді.

Осы мақсатта Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік ірі компания өкілдерімен арнайы кездесу өткізіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан және алдағы уақытта іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобаларды талқылады. Кездесу барысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, заманауи технологияларды енгізу және бірлескен өндірістер құру мәселелері кеңінен қаралды.

Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлы өңірдің инвестициялық тартымдылығы жоғары екенін атап өтіп, Түркістан облысы шетелдік инвесторлар үшін сенімді әрі ашық серіктес бола алатынын жеткізді.

– Екіжақты тиімді жобаларды әрқашан қолдауға дайынбыз. Шетел азаматтарына жер берілмейді. Алайда мемлекетпен немесе жергілікті шаруалармен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға барлық мүмкіндік бар. Қандай да бір мәселелер туындаса, оларды шешуге әзірміз. Ең бастысы – жұмыс жүріп, нақты нәтиже болуы керек, – деді өңір басшысы.

Қытай тәжірибесіне негізделген заманауи агроөндірістік жоба

Кездесу барысында Түркістан облысында Қытай Халық Республикасының озық тәжірибесіне сүйене отырып, су үнемдеу технологияларын өндіру бағытындағы ірі жоба таныстырылды. Аталған жоба Жетісай ауданы, Асықата кентіндегі индустриалдық аймақта «Altyn kun group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бастамасымен жүзеге асырылуда.

Жобаның негізгі мақсаты – агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қажетті су үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды жергілікті жерде өндіру, осылайша ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру. Компания Асықата кентіндегі индустриалдық аймақта 8 гектар аумаққа 4 бірдей зауытты іске қосуды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда шетелдік инвестиция есебінен жобаның бірінші кезеңі сәтті жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 4 гектар жерге қуаттылығы жылына 3 000 тонна болатын ПВХ құбырын өндіру зауыты іске қосылды. Сонымен қатар, жылына 3 миллион метр тамшылатып суару лентасын шығаратын зауыттың құрылысы аяқталу сатысында.

Ал жобаның келесі кезеңінде қалған 4 гектар аумақта:

қуаттылығы 5 000 тонна болатын агрономикалық пленка өндірісі;

жылына 5 000 тонна гранула өндіретін зауыт
іске қосылады деп жоспарлануда.

Инвесторлар аталған жобаны толық жүзеге асыру үшін 10 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды көздеп отыр. Жобаны биыл толық іске қосу нәтижесінде 100 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл Жетісай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады.

Инвесторлардың пікірі және жаңа бастамалар

«Altyn kun group» ЖШС-нің құрылтайшысы Лю Кесонг қысқа мерзім ішінде, яғни 3 ай көлемінде жобаның алғашқы өндірістік желісін іске қосқанын атап өтіп, облыстық және аудандық әкімдік тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар ол алдағы уақытта смарт технологиялар арқылы егін егу жобаларын жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізіп, бұл бағытта қолдау сұрады.

Кездесу барысында қытайлық серіктестер де сөз алып, Түркістан өңірінің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу мақсатында арнайы келгендерін айтты. Олар құрылыс, сауда және агроөнеркәсіп салалары бойынша бірқатар жаңа жобаларын ұсынып, өңірде ұзақмерзімді әріптестік орнатуға дайын екендерін білдірді.

Инвестициялық өсім – нақты көрсеткіштермен

Айта кету керек, 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Түркістан облысының экономикасына 1,4 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 123 пайызды құрады. Соның нәтижесінде өңірде 146 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл – инвестициялардың нақты экономикаға жұмыс істеп жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіш.

Ал Жетісай ауданының өзінде 2025 жылдың 11 айында 42,4 млрд теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 110,6 пайызға жетті. Оның ішінде жеке кәсіпорындардың инвестиция көлемі 26,3 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 113,9 пайызды көрсетті.

Жетісай ауданында жүзеге асырылып жатқан агроөндірістік кешен жобасы – Түркістан облысының инвестициялық саясатының нақты нәтижесі. Шетелдік тәжірибе мен жергілікті мүмкіндіктерді ұштастыра отырып іске асырылып жатқан бұл бастама ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттырып, өңір экономикасының тұрақты дамуына серпін бермек.

Алдағы уақытта да осындай ірі жобалардың жүзеге асуы Түркістан облысын агроиндустриялық бағыттағы жетекші өңірлердің біріне айналдыруға жол ашатыны сөзсіз.

Алдыңғы пост

САЛЫҚ ТҮСІМІ – 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ: ТҮРКІСТАН ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БЕТБҰРЫС КЕЗЕҢІ

Келесі жаңалық

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША ЕЛ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Январь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі