Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

27 января, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы «Конгресс-холл» кешенінде Қазақстан Республикасында қоғамдық кеңестердің құрылғанына 10 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, қоғамдық кеңес мүшелері мен ардагерлерін мерейлі сәтпен құттықтады.
– Баршаңызды Қоғамдық кеңестер институтының құрылғанына 10 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – азаматтық қоғамның орны айқындалып, мемлекет пен халық арасындағы ашық диалогтың дамығанын білдіретін маңызды белес. Өткен он жыл ішінде қоғамдық кеңестер қоғамдық бақылаудың пәрменді тетігіне, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ететін маңызды алаңға айналды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруда қоғамдық кеңестердің рөлі ерекше. Жуырда Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерді жариялады. Мемлекетіміздің саяси жүйесіндегі өзгерістер мен рухани дамуы бағытындағы бастамалар көтерілді. Міне, осы Құрылтайда айтылған маңызды ойлар мен идеяларды Түркістан жұртшылығы да қолдап, оң пікірлерін білдіріп жатыр. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылып, оның алғашқы отырыстары өтіп жатыр. Маңызды комиссияға облысымыздың атынан да өкілдер қатысуда. Бұл да жергілікті жердегі азаматтық қоғам институтына деген сенімнің көрінісі. Алдағы уақытта да қоғамдық кеңестер әділетті қоғам құру, заң үстемдігін нығайту, ашықтық пен сенімді арттыру жолында белсенді жұмысын жалғастырады деп сенемін. Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! – деген Нұралхан Көшеров бірқатар белсенді азаматқа марапат тапсырды.
▪️Жиында Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы Алмас Салимов және облыстың Құрметті азаматы Шәріпбек Жамалбеков құттықтау сөз сөйледі. Облыс өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, халық әндері мен отандық және шетелдік композиторлардың танымал әндерін орындады.
▪️Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында 18 қоғамдық кеңес нәтижелі жұмыс атқарып, өңірлік маңызы бар мәселелердің шешілуіне ықпал етіп келеді. 2025 жылы барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің 226 отырысы және 107 қоғамдық тыңдау өткізіліп, шешімдер қабылданды. Соның ішінде 270 мемлекеттік орган басшыларының есептері тыңдалып, қоғамдық кеңестің мүшелері өзекті мәселелер бойынша 258 қоғамдық мониторинг жұмыстарын жүргізген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы пост

Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда

Келесі жаңалық

Ценности брака и семьи усилят на конституционном уровне в Казахстане

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Февраль 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  
« Янв    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі