Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа зауыттар ашылады

28 января, 2026
in Басты жаңалықтар
0
Түркістан облысында жаңа зауыттар ашылады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жиында берілген тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, орындалу барысы бақылауға алынды. Түркістан облысында тағы да жаңа зауыттар мен жұмыс орындары ашылады. Түркістан облысында инвестиция тартуды, инвестициялық ахуалды жақсартуды және жаңа жобаларды іске асыру мәселелерін талқылау мақсатында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен инвестициялық штаб отырысы өтті. Отырысқа салаға жауапты облыс әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері, бизнес өкілдері мен инвесторлар қатысты. Күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселе қаралды. Бірінші кезекте, іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың өзекті мәселелерін шешу жолдары талқыланды. Түркістан облысында биыл жүзеге асырылатын жаңа инвестициялық жобалар мен 2025 жылы өтетін форум аясында қытайлық инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндалды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсету қажеттігін атап өтіп, инфрақұрылым мәселелерін жедел шешу бойынша тапсырмалар берді. – Біздің басты мақсатымыз – Түркістан облысында инвестициялық ахуалды жақсарту. Бұл тек экономиканы дамытуға ғана емес, тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыруға да ықпал етеді. Әрбір инвестициялық жобаның табысты іске асуы үшін барлық қажетті қолдауды көрсету керек. Түркістан облысында жұмыс істегісі келетін әрбір инвестормен бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров. Жиын барысында жоба бастамашылары жүзеге асырылып жатқан жобаларын таныстырып, өзекті мәселелер туралы баяндады. Бәйдібек ауданында «Корпорация «Ernur» ЖШС жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы мен құрама жем зауытының құрылысын іске асыруды жоспарлап отыр. Жоба құны – 7,6 млрд теңге. Жобаны биыл іске қосу көзделген. Құрамажем зауытының құрылысына қажетті жабдықтар Түркия еліннен, балапан өсіретін фабриканың құрылысына қажетті жабдықтар Германиядан сатып алынған. Жобаны 3 кезеңмен іске асыру жоспарланған. Бүгінде 23,8 гектар аумаққа кешенді құс фабрикасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ балапанға арналған ферманың жері тегістеліп, бетондау жұмыстары жүргізілуде. Жоба 1,6 МВт электрмен жабдықтауды қажет етеді. Инфрақұрылымның сыртқы желілерін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында тарту жоспарланған. Қазіргі уақытта жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өткізілген. Сайрам ауданында «Kuzov Karabulak» ЖШС 2,5 млрд теңгеге арнайы техника құрастыру зауытының құрылысын 95 пайызға аяқтап қойған. Компания директоры жоба бойынша ағымдағы жағдайға тоқталып, электр энергиясын тарту мәселесін қозғады. Қазіргі таңда 4 гектар жерде зауыттың құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Арнайы техника құрастыру зауытынан шығарылған өнімдерді қаржылық лизинг арқылы ұсыну бойынша тиісті құжаттар жинақталуда. Жоба 600 кВт электр қуатын қажет етеді. Сайрам ауданындағы «Meat Magnat» АӨК ет комбинаты мен 10 000 басқа арналған бордақылау алаңы құрылысын, «Nurym Group» ЖШС етті терең өңдеу ет комбинатының құрылысын және «Red Gold» ЖШС Аустралия әдісімен мал базарының құрылыс жобасын іске асыруда. Сондай-ақ ауданда «Gen Group Kazakhstan» ЖШС өндірістік жылыжай кешенін құрылысын, «Zaman milk products» ЖШС сүт өнімдерін өндіретін зауыт құрылысын жүргізіуде. Арыс қаласындағы «Turkistan Agro.kz» ЖШС 1830 гектар аумақта жаңбырлатып суғару әдісімен жем-шөп дақылдарын өсіру ісін қолға алды. Ордабасы ауданында «HUATING BIOTECHNOLOGY Co.,LTD» ЖШС ірі қара мал сүйегінен май және желатин компоненттерін өңдейтін зауыттың құрылысын жолға қойды. Сауран ауданындағы «MinPromKaz» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауытын іске қосу үшін 1,5 МВт электр энергиясы қажет етуде. «Мырзахан» ШҚ ет комбинаты, құрама жем шығару, тері өңдеу цехтары және бордақылау алаңы құрылысы бойынша «Түркістан» ӘКК» АҚ арқылы 5 млрд теңге көлемінде қаржыландыруға өтінім берілген. «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ тарапынан қаржыландыру қарастырылуда. Штаб отырысында биыл іске асырылатын инвестициялық жобалар және 2025 жылғы форум аясында қытайлық инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің іске асырылу барысы туралы Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының, Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың, Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайдың есебі тыңдалды. Бизнес форум аясында қытайлық инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде Түркістан қаласында 5 жоба іске аспақ. Отырар және Ордабасы аудандарында екі-екі жоба іске қосылады. Инвестициялық штаб отырысы барысында облыс әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында ашық диалог орнап, жаңа жобаларды іске асыруға қатысты ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды. Жиында берілген тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, орындалу барысы бақылауға алынды.

 

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Келесі жаңалық

Ценности брака и семьи усилят на конституционном уровне в Казахстане

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Февраль 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  
« Янв    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі