Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша республикада көш бастап тұр

21 января, 2026
in Uncategorized
0
Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша республикада көш бастап тұр
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ч Облыс — экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80 пайызын, қой етінің 75 пайызын қамтып отыр. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша республикада көш бастап тұр. Түркістан облысы еліміздегі агроөнеркәсіп саласында көш бастап тұрған өңір. Республика бойынша жалпы өндірілетін өнімнің 13 пайызы облысқа тиесілі. 2025 жылдың қорытындысымен 1 трлн 226 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, облыс — экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80 пайызын, қой етінің 75 пайызын қамтып отыр. Бүгінде ет кластерін одан әрі дамыту бағытында құны 49 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар толық аяқталған соң қосымша 35 мың тонна ет өндіріліп, экспорт көлемі 2 есеге ұлғаймақ. Бұл жайында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Плалов брифингте мәлімдеді. «2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектарға егіліп, өткен жылға қарағанда 34 мың гектарға артты. Ал, көкөніс және бақша алқаптары 117,5 мың гектарға егілді. Нәтижесінде 695 мың тонна дәнді дақыл, 54 мың тонна майлы дақыл, 1,5 млн тонна көкөніс пен картоп, 1,7 миллион тонна бақша өнімі, 5 миллион тонна мал азықтық дақыл және 428 мың тонна мақта жиналды. Сондай-ақ, облыстағы су үнемдеу технологияларын қолданатын алқап саны 59 мың гектарға артып, жалпы көлемі 114 мың гектарға жетті. Нәтижесінде ағын су 30-50 пайызға үнемделіп, өнділік 20-30 пайызға артты»- деді спикер. Биыл өңірде мақта өнімін жинау бойынша соңғы 18 жылдағы рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Орташа өнімділік гектарына 30 центнерді құрап, жалпы 428 мың тонна шитті мақта жиналған. Сонымен қатар, мақта өніміне экспорттық тәуелділікті жою, дайын өнім секторына кешенді өту бағытында өңірде мақта тоқыма кластерін құру жобасы басталды. Бұл бағытта құны 201 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылады. Нәтижесінде 7 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Сонымен қатар, Әлібек Әбдіхалықұлы өңірдегі жылыжайлар көлемінің артқанын да тілге тиек етті. Өткен жылы жалпы көлем 75 гектарға өсіп, 1 715 гектарды құраған. Бұл жұмыстар өңірдің аталған саладағы үлесін 76 пайызға жеткізіп отыр. Айта кетейік, 2025 жылы жылыжайлардан 150 мың тоннадан астам көкөніс өнімі, 550 тонна банан, 3,2 мың тонна лимон мен 13 мың тонна құлпынай өндірілген. Облыстың ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша да республикада көш бастап тұр. 2025 жылы салаға 246 млрд теңге қаржы тартылған. Ал, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 7,4 млрд теңге бөлініп, 3,5 млрд теңгеге 401 жоба қаржыландырылған.

 

Алдыңғы пост

Мемлекет басшысы: “Су – еліміз үшін стратегиялық ресурс”

Келесі жаңалық

Түркістан облысында қайта жаңғыртылға бидай өңдейтін зауыт іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Февраль 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  
« Янв    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі