Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Түркістан облысында қайта жаңғыртылға бидай өңдейтін зауыт іске қосылды

21 января, 2026
in Uncategorized
0
Түркістан облысында қайта жаңғыртылға бидай өңдейтін зауыт іске қосылды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мұндай өндіріс орындарының іске қосылуы аудан экономикасын нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететінін жеткізді. Түркістан облысында бидай өңдейтін заманауи зауыт қайта жаңғыртылып, іске қосылды . Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Мақсат – экспорт көлемін ұлғайту. Түлкібас ауданында «MK ALTYN NAN» ЖШС-ның ұн шығаратын зауыты қайта жаңғыртылып, іске қосылды. Маңызды диірмен кешенінің жүмысымен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы танысты. Облыс басшысы диірмен кешені ұжымымен кездесуде өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытындағы жобаларға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Мұндай өндіріс орындарының іске қосылуы аудан экономикасын нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететінін жеткізді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында ауыл шаруашылығын дамытып, өнімді өңдеу үлесін арттыруды тапсырды. Іске қосылып отырған бұл кешен – сол нақты тапсырмалардың жергілікті деңгейде жүзеге асуының айқын көрінісі. Қайта жаңғырған кәсіпорын – облыстың өндірістік әлеуетін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге жол ашатын маңызды жоба. Жаңартылған зауыт сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді деп сенемін. Осы жобаның жүзеге асуына үлес қосқан инвесторларға алғысымды білдіремін. Жобаны кеңейтуге қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров. Аталған кәсіпорын бидай өнімін өңдеуге бағытталған. Зауыт алғаш рет 1986 жылы іске қосылып, 2018 жылы тоқтап қалған. 2024 жылдың желтоқсан айында кәсіпорын толықтай қайта жаңғыртылып, өндірістік қуаты мен технологиялық мүмкіндіктері арттырылды. Бұл ретте мемлекеттік қолдауды пайдаланып, несие алған. Қазіргі таңда зауыт жылына 120 мың тонна бидай өнімін өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорында 140 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Диірмен кешені басшылығы жобаны кеңейтіп, өнім көлемін арттыруды көздеп отыр. Түлкібаста шығарылған ұн Қазақстан Республикасының ішкі нарығымен бірге Өзбекстан, Түркіменстан және Ауғанстанға экспортталуда. Түлкібас ауданында іске қосылған бұл зауыт өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және аграрлық саланың дамуына өз үлесін қоса бермек. Бөлісу

 

Алдыңғы пост

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша республикада көш бастап тұр

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Израильдің ұлттық компаниясы жаңа жобаларды жүзеге асыруға ниетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Февраль 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  
« Янв    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі