Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданы 200 орындық перинаталдық орталықпен толығады

5 февраля, 2026
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданы 200 орындық перинаталдық орталықпен толығады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Құрылыс жүргізілетін жер телімінің жалпы аумағы – 8 гектар. Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылында 200 орындық перинаталдық орталық құрылысы басталды. Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылында 200 орындық перинаталдық орталық құрылысы басталды. Маңызды шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, нысанның капсуласын салу рәсімін өткізіп, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ордабасылықтарды қуанышты сәтпен құттықтады. – Бүгін Түркістан өңірінде тағы бір игі бастаманың куәсі болып тұрмыз. Тарихи Ордабасы жерінде жаңа медициналық нысанның құрылысы басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек» деген болатын. Осы бағытта Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылып келеді. Мәселен, былтыр өңірдегі шалғай елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылып, ел игілігіне берілді. Ал бүгін Темірлан ауылында 200 орындық облыстық перинаталдық орталықтың уақыт капсуласы салынуда. Бұл медициналық мекеме болашақта Ордабасы, Бәйдібек, Сайрам, Түлкібас аудандары мен Арыс қаласының тұрғындарына қызмет етеді. Осы аймақтардың тұрғындары енді облыс орталығына сабылмай, Темірланда қажетті емді қабылдайды. Өйткені, жаңа перинаталдық орталық жүкті әйелдер мен нәрестелерге жоғары деңгейдегі заманауи медициналық көмек көрсетеді. Бұл – ана мен бала денсаулығын сақтап, демографияны жақсартуға серпін беретін маңызды бастама. Перинаталды орталық уақтылы әрі сапалы салынып, халыққа жоғары деңгейде қызмет көрсетеді деп сенеміз, – деді Нұралхан Көшеров. Аталған жобаның мердігер мекемесі – «ВД Строй-Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Перинаталдық орталық 200 орынға есептелген. Ғимараттың жалпы алаңы 34 233,30 шаршы метр болса, құрылыс ауданы 12 009,73 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жүргізілетін жер телімінің жалпы аумағы – 8 гектар. Перинаталдық орталықтың басты ерекшелігі – облыстық деңгейде жүкті әйелдер мен нәрестелерге жоғары сапалы, заманауи медициналық көмек көрсетуге бағытталған. Жоба ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіруге және өңір тұрғындарына қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге зор мүмкіндік береді.

 

Алдыңғы пост

Түркістан облысында ЖИ жүйесі бар цифрлық медициналық орталық ашылады

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Былтыр 36 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Февраль 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  
« Янв    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі