Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Былтыр 36 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

5 февраля, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Былтыр 36 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесіне ерекше басымдық берілді. Түркістан облысында былтыр 36 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді, Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен алқа отырысы өтті. Жиында 2025 жылдың қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттар талқыланды. Сонымен қатар өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінде атқарылған ауқымды жұмыстар атап өтілді. Ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесіне ерекше басымдық берілді. Облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек ана мен бала денсаулығын қорғау, медициналық инфрақұрылымды жаңғырту және сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру өңір дамуының стратегиялық бағыты екенін атап өтіп, жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді. – Басты қазынамыз – адам өмірі. Мемлекет бюджетін медицина сапасын жетілдіруге, қызмет сапасын арттыруға, жаңа технологиялар енгізуге тиімді пайдаланыңыздар. Жекеменшік секторлардағы медициналық мекемелерге де талап күшейеді. Сондықтан мониторинг жүргізетін топтардың жұмысын жандандырып, медициналық қызметтің барлық деңгейде сапалы әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етіңіздер. Жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныс беріңіздер, – деді Қанат Қайыпбек. Ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында өңірде жүйелі және ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Түркістан облысында перинаталдық көмек 3 деңгейде көрсетіледі. Бүгінде өңірде 22 босандыру ұйымы жұмыс істейді. Олардың кадрлық қамтамасыз етілуі 95 пайызды, ал жабдықталу деңгейі 80,7 пайызды құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында облыста бөлінген квоталар толық игеріліп, нәтижесінде 780 сәби дүниеге келді. Оның ішінде егіздер мен үшемдер бар. Балалар денсаулығын сақтау бағытында да оң көрсеткіштер байқалады. Облыста 8 балаларды оңалту орталығы жұмыс істейді. 2025 жылдың соңында Түркістан қалалық балалар ауруханасы жанынан жаңа Балалар оңалту орталығы іске қосылды. Сонымен қатар патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі енгізіліп, мейірбикелермен қамту деңгейі 95 пайызға жетті. Бұл ана мен баланың денсаулығын ерте кезеңнен бақылауға мүмкіндік беріп отыр. Түркістан облысында заманауи медициналық нысандар бой көтеруде. Өткен жылы өңірде 36 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда, балаларды оңалту орталығы, ауылдық жерлерде 8 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік және 22 медициналық пункт іске қосылды. Ал 2026 жылы тағы 20 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ, облыста ірі стратегиялық медициналық жобалар іске асырылуда. Қазіргі таңда Сарыағаш қаласында 300 төсек-орындық көпбейінді аурухана, Ордабасы ауданында 200 орындық облыстық перинаталдық орталық, Түркістан қаласында Ана мен бала орталығы мен 570 төсек-орындық көпбейінді аурухана құрылысы қарқынды жүргізілуде. Одан бөлек, биыл тозығы жеткен медициналық нысандарды жаңғырту мақсатында Сайрам аудандық орталық аурухана мен Сайрам аудандық «Қарабұлақ» ауруханасына, Жетісай аудандық «Асықата» ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында облыстың медициналық ұйымдары 2 560 дана заманауи медициналық құрал-жабдықпен толықтырылды. Оның ішінде МРТ, КТ, эксперттік УДЗ, маммографиялық жүйелер, бейнеэндоскопиялық кешендер және онкологиялық диагностикалық құрылғылар бар. Жедел медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында 60 реанимобиль және 2 неонаталдық жедел жәрдем көлігі пайдалануға берілді. Ал мектеп медицинасын дамыту аясында білім беру ұйымдары 348 дефибриллятор және стоматологиялық қондырғылармен қамтамасыз етілді. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев денсаулық саласын жетілдіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын жеткізіп, тапсырмалардың орындалуы бақылауда болатынын айтты.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Ордабасы ауданы 200 орындық перинаталдық орталықпен толығады

Келесі жаңалық

Жеті әскер спортшысы Италияда өтетін қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Февраль 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  
« Янв    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі