Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: Сарыағашта көпбейінді аурухана құрылысы басталды

9 февраля, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: Сарыағашта көпбейінді аурухана құрылысы басталды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа медициналық кешен облыстың денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге, тұрғындарға сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге бағытталған. Президент тапсырмасымен Сарыағашта 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысы басталды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш қаласында 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Аса маңызды әлеуметтік нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Жаңа медициналық кешен облыстың денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге, тұрғындарға сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге бағытталған. Бұл – Түркістан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы стратегиялық маңызды қадам. Аурухана тек Сарыағаш қаласының тұрғындарына ғана емес, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Қазығұрт және Шардара аудандарының тұрғындарына да қызмет көрсетеді. Аталған аудандарда 1 миллионнан астам халық тұрады. Құрылыстың басталуы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп, білікті медициналық кадрларды тартуға жағдай жасайды. – Бүгін біз Сарыағаш қаласында аса маңызды әлеуметтік нысан – көпбейінді аурухана құрылысының іргетасын қалау рәсіміне жиналып отырмыз. Бұл — өңіріміздің денсаулық сақтау саласындағы жаңа белесі, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған үлкен қадам. Аталған жоба Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Сарыағаш ауданында көпбейінді аурухана салу жөнінде берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Президентіміздің халық денсаулығын жақсартуға бағытталған бастамалары аясында облыста ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бұл аурухана мыңдаған тұрғынға үміт сыйлайды, жүздеген отбасының амандығын сақтауға үлес қосады және өңірдегі медициналық қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтереді. Дені сау ұрпақ – елдің ең басты байлығы. Сондықтан бұл аурухана тек ғимарат емес, бұл – мыңдаған адамның үміті, жүздеген отбасының амандығы. Жаңа аурухана уақтылы әрі сапалы салынып, ел игілігіне жоғары деңгейде қызмет ететін, шипа мен сенім ордасына айналады. Баршаңызға зор денсаулық, табысты еңбек, әр отбасыға жақсылық тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров. Аурухана 300 төсек-орынға есептелген және құрамында үш негізгі блок бар: хирургиялық блок – 50 төсек-орын (нейрохирургия, офтальмология, ЛОР және травматология бөлімшелері), терапиялық блок – 100 төсек-орын (неврология, инсульт орталығы, кардиология және интервенциялық кардиология бөлімшелері), перинаталдық блок – 150 төсек-орын (ана мен балаға арналған заманауи күтім, жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі). Медициналық кешен заманауи жоғары технологиялы құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі. Жаңа аурухана 10,4 гектар аумақта орналасады. Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 70 мың м² асады. Жобаның жалпы құны – 74,5 млрд теңге. Құрылыстың аяқталуы 2027 жылдың желтоқсанында жоспарланған. Аталған жобаны іске асыру үшін Сарыағаш қаласынан 10,4 гектар жер телімі бөлінді. Жобаны мердігерлік атқаратын ұйым – «ASPAN HOLDINGS» ЖШС, техникалық қадағалаушы – «Строй-Проф» ЖШС, авторлық қадағалаушы – «Engineering center ltd» ЖШС. Түркістан облысында халық денсаулығын жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылында 200 орындық перинаталдық орталық құрылысы басталды. Түркістан қаласында демеушілер есебінен салынып жатқан «Ана мен бала» орталығы келесі жылы іске қосылады. Өткен жылы облыста 40-қа жуық медициналық нысан пайдалануға берілген, оның ішінде Сарыағаш ауданында 6 нысан іске қосылған. Сонымен қатар шалғай ауылдық елді мекендерде фельдшерлік-акушерлік пункттер ашылып, тұрғындарға алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі артты.

 

Алдыңғы пост

Түркістан облысы қысқа мерзімді экономикалық өсім бойынша үздік үштікке енді

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: 2025 жылы 148 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Февраль 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  
« Янв    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі