Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 2025 жылы 148 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды

9 февраля, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: 2025 жылы 148 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл көрсеткіштер өңір экономикасының дамуы мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған шаралардың тиімділігін көрсетеді. 2025 жылы Түркістан облысында 148 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. 2025 жылдың III тоқсанының қорытындысымен облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады. Өңірде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жақсаруы нәтижесінде орташа айлық жалақы III тоқсанның қорытындысымен 288,6 мың теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,3 пайызға артты. Өткен жылы өңірде ауқымды жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылды. Аталған бастамалар аясында 130 769 адамды еңбекпен қамту бағдарламаларына тарту жоспарланып, нақты шаралар қабылданды. Оның ішінде 45 086 адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру, 57 221 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделіп, өңірдегі жұмыс орындарының санын арттыруға басымдық берілді. Бұдан бөлек, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бағдарламасы аясында 22 595 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасалды. Сондай-ақ 1 793 азаматқа грант беру арқылы өз ісін бастауға қолдау көрсету, 4 074 адамды электрондық еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналастыру межесі қойылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл қорытындысымен 147 719 адам жұмыспен қамтылып, еңбек нарығындағы белсенділік артты. Оның ішінде 48 032 азамат мемлекеттік жұмыспен қамту шараларына қатысса, ал 99 687 адам жаңа жұмыс орындарын жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіштер өңір экономикасының дамуы мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған шаралардың тиімділігін көрсетеді. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарды қорғау мақсатында 2026 жылдың 1 қаңтарына 10 мың отбасына, яғни 62,2 мың адамға жалпы сомасы 6 062,4 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 34,4 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіш халықтың табысының артып, өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейінің жақсарғанын көрсетеді. Бұл шаралар өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтар айындағы дерек бойынша облыс халқының саны 2 148,6 мың адамды құрады. Оның ішінде қала халқы – 545,3 мың адам немесе 25,4 пайызды, ал ауыл халқы – 1 603,4 мың адам немесе 74,6 пайызды құрайды. Өңір халқының басым бөлігінің ауылдық жерлерде тұрғандықтан, ауылдық аумақтарды дамытуға басымдық берілуде.

 

Алдыңғы пост

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: Сарыағашта көпбейінді аурухана құрылысы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Февраль 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728  
« Янв    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі