Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістанда «Банктер және финтех–2026» халықаралық форумы басталды

24 апреля, 2026
in Басты жаңалықтар
0
Түркістанда «Банктер және финтех–2026» халықаралық форумы басталды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қатысушылар қаржы секторындағы цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні енгізу, төлем жүйелерін дамыту және өңірлік қаржылық интеграция мәселелерін талқылауда. Түркістанда «Банктер және финтех–2026» халықаралық форумы өз жұмысын бастады Түркістан қаласында «Банктер және финтех–2026» екінші Орталық Азия қаржы-банктік форумы өз жұмысын бастады. Ауқымды іс-шараға отандық және шетелдік қаржы институттарының өкілдері, сарапшылар, инвесторлар мен IT саласының мамандары қатысып жатыр. Форумның ресми ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек қатысып, банк саласының өкілдерін құттықтады. Ол өз сөзінде өңірдің қаржы саласындағы дамуы, өндірістік парктер мен индустриалды аймақтар туралы айтып берді. – Бұл форумды Түркістанда өткізу ерекше маңызға ие. Біздің өңір бүгінде іскерлік, туристік және инвестициялық орталық ретінде белсенді дамып келеді. Біз халықаралық әріптестер және қаржы институттарымен ынтымақтастықты нығайту үшін барлық жағдай жасауға күш-жігерімізді саламыз. Әрине, форум Орталық Азияның қаржы секторын дамыту үшін маңызды. Ол тәжірибе алмасу үшін жетекші сарапшыларды, банктерді және финтех компанияларын біріктіреді. Форум инвестициялар мен серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайтады. Түркістан – инвестициялық, аграрлық, өнеркәсіптік және туристік әлеуеті арқылы қарқынды дамып келе жатқан өңір. Аймақ табиғи ресурстар мен пайдалы қазбаларға бай. Қазақстанның негізгі уран өндіруші өңірлерінің бірі. Облыс – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде көшбасшы. Өңірде азық-түлік, тоқыма, құрылыс және тау-кен салалары белсенді дамып келеді. Өнеркәсіп секторында бүгінгі күні 6 млрд АҚШ долларын құрайтын 122 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Облыста 1960 гектарды құрайтын 21 индустриялық аймақ және ауданы 1400 гектардан тұратын экономикалық аймақтар қызмет етеді. Бұл аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Уақыт пен қаражатты үнемдеу мақсатында инвесторларға дайын өндірістік ғимараттар да ұсынылады. Бүгінгі күнге, өңірдің 25 өнеркәсіптік паркінде 258 өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары қолға алынып, қазіргі уақытта 128 ғимараттың құрылыс жұмыстары аяқталды. Өңір өзара тиімді ынтымақтастыққа ашық, сондай-ақ инвесторларға және қаржы институттарына ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер ұсынуға дайын. Форум аясында жаңа іскерлік байланыстар орнатылып, маңызды уағдаластықтарға қол жеткізіліп, одан әрі ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары айқындалатынына сенімдімін, – деді облыс әкімінің орынбасары. Бағдарлама аясында форумның ресми ашылуы өтіп, пленарлық отырыстар басталды. Қатысушылар қаржы секторындағы цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні енгізу, төлем жүйелерін дамыту және өңірлік қаржылық интеграция мәселелерін талқылауда. Күн тәртібіне сәйкес пленарлық сессиялар екі бөлімнен тұрады, сондай-ақ қатысушылар үшін панельдік отырыстар ұйымдастырылған. Онда цифрлық қаржы активтері, open banking, киберқауіпсіздік, финтех шешімдер және халықаралық инвестициялар сияқты өзекті бағыттар қарастырылған. Форум аясында сарапшылар Орталық Азиядағы қаржы нарығының дамуы, ұлттық валюталардағы есеп айырысулар, блокчейн технологиялары мен жасанды интеллектінің ықпалы жөнінде пікір алмасып жатыр. Сонымен бірге банк саласында жасанды интеллекті тиімді қолдану мәселелері де назарға алынған. Маңызды форум 25 сәуірге дейін жалғасады. Қорытынды күні қатысушылар үшін Түркістанның тарихи-мәдени нысандарына экскурсиялар мен арнайы мәдени бағдарлама жоспарланған.

 

Алдыңғы пост

ОРДАБАСЫДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 120-ДАН АСА ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ

Келесі жаңалық

Түркістан облысының әкімі «Инкай» компаниясының 30 жылдық мерейтойына қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Апр    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі