Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

АЭС қолдаушылардың қатары тұрақты өсуде – үш сауалнаманың нәтижесі

1 октября, 2024
in Басты жаңалықтар, Қазақстан
0
АЭС қолдаушылардың қатары тұрақты өсуде – үш сауалнаманың нәтижесі
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша «Демократия институты» ҒЗҚ ҚБ 2024 жылдың 13-26 қыркүйек аралығында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 1 200 респондент қатысты. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының респонденттері қатысты.

Жалпы респонденттердің басым бөлігі – 72,9%-ы атом электр станциясын салу идеясын қолдайды. «Қазақстанда АЭС салу идеясына көзқарасыңыз қандай?» деген сұраққа респонденттердің шамамен үштен екісі оң көзқарас білдірді.

Алдында жарияланған сауалнама қорытындыларымен салыстырғанда, бұл қазіргі уақытта ең жоғары көрсеткіш. Бірінші сауалнама қорытындыларымен салыстырғанда, АЭС құрылысын қолдаушылардың үлесі 19,8 пайыздық тармаққа, екіншісімен салыстырғанда 12,7 пайыздық тармаққа өсті. Ағымдағы үрдісті ескерсек, атом электр станциясын қолдаушылардың саны сайлау күніне қарай одан әрі артуы мүмкін деген болжам жасауға болады.

Респонденттердің 22,3%-ы атом электр станциясын салу идеясына теріс көзқарас білдірді; 4,8%-ы жауап беруге қиналды.

Телефон арқылы жүргізілген сауалнама нәтижелері респонденттердің 62%-ының азаматтық ұстанымы бар екенін және референдумға қатысуға ниет білдіретінін көрсетеді.

Мәселен, «Қазақстанда атом электр станциясының (АЭС) салу мәселесі жалпыұлттық референдум арқылы шешілетін болады. Сіз референдумға қатысуға дайынсыз ба?» деген сұраққа 46,3%-ы нақты ниет танытты, 15,7%-ы қатысуға тырысамын деп жауап берді.

Осыған дейінгі сауалнама қорытындыларымен салыстырғанда, дауыс беруге ниетті респонденттердің үлесі 59%-дан 62%-ға дейін өсті. Респонденттердің 19,3%-ы референдумға қатысуды көздемейді, 18,7%-ы әлі шешім қабылдамаған.

Сауалнаманы 2024 жылдың 13-26 қыркүйек аралығында «Демократия институты» ҒЗҚ ҚБ жүргізді. Зерттеуде телефон арқылы сұхбат алу әдісі қолданылды.

Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты. Іріктеу көлемі 1 200 респондентті құрайды.

Статистикалық қателік 2,5%-дан аспайды.

ОСК-ның 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 3Т-2024-05252505 ресми мәлімдемесі.

Алдыңғы пост

Қарттар күніне орай мерекелік іс шара өтті

Келесі жаңалық

Бүгін Астананың төрінде мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі