Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 2025 ЖЫЛДЫҢ 11 АЙЫНДА 1,4 ТРЛН ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

6 января, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: 2025 ЖЫЛДЫҢ 11 АЙЫНДА 1,4 ТРЛН ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге бағытталған инвестиция тарту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы инвестициялық ахуалды жақсарту, өндіріс көлемін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру басты басымдықтардың бірі ретінде айқындалды.

Нәтижесінде, 2025 жылдың 11 айының қорытындысымен облыс экономикасының негізгі капиталына 1,4 трлн теңге көлемінде инвестиция бағытталып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 123 пайыздық өсім қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткіш жылдық жоспардың мерзімінен бұрын орындалғанын көрсетеді және өңірдің инвестициялық тартымдылығының артып келе жатқанын айғақтайды.

Биыл облыс аумағында жалпы құны жоғары 58 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Аталған жобалар толық жүзеге асырылған жағдайда 8 190 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Қазіргі таңда жоспарланған жобалардың 44-і іске қосылып, нәтижесінде 6 637 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл өз кезегінде халықтың табысын арттырып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге оң әсерін тигізуде.

Өңір экономикасының негізгі көрсеткіштерінің бірі саналатын сауда саласында да айтарлықтай өсім байқалады. 11 айда сауда көлемі 787,9 млрд теңгені құрап, өсім қарқыны 145,9 пайызға жетті. Аталған өсімнің негізгі үлесі бөлшек сауда саласына тиесілі болып, оның жалпы көлемдегі үлесі 54 пайызды немесе 426,3 млрд теңгені құрады. Бұл тұрғындардың сатып алу қабілетінің артқанын және ішкі нарықтағы белсенділіктің жоғары екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, көлік және қоймалау қызметтері саласында да тұрақты даму үрдісі қалыптасқан. Аталған саладағы қызмет көлемі 491,6 млрд теңгеге жетіп, өсім 125,7 пайызды құрады. Бұл жоспарланған 110,1 пайыздық көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Жыл қорытындысы бойынша жолаушылар тасымалы мен жүк айналымының артуы есебінен өсім деңгейін 126 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Байланыс қызметтері саласында да оң динамика сақталуда. 11 айдың қорытындысымен байланыс қызметінің көлемі 10,9 млрд теңгені құрап, өсім 110,9 пайызға жетті. Бұл көрсеткіш жоспарланған 109,6 пайыздан жоғары болып отыр. Жыл соңына дейін аталған саладағы жалпы өсімді 111,5 пайызға жеткізу көзделуде.

Жалпы алғанда, Түркістан облысында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс пен тиімді басқару шешімдерінің нәтижесінде экономиканың негізгі салаларында тұрақты өсім қамтамасыз етіліп отыр. Инвестиция көлемінің артуы, жаңа өндіріс орындарының ашылуы және жұмыс орындарының көбеюі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға негіз болуда.

Алдыңғы пост

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Қазығұрт ауданында екі медициналық нысан ел игілігіне берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Январь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі