Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Қазығұрт ауданында екі медициналық нысан ел игілігіне берілді

6 января, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Қазығұрт ауданында екі медициналық нысан ел игілігіне берілді
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау саласын дамыту, ауылдық елді мекендерде медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында бірқатар маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қазығұрт ауданында тағы екі бірдей медициналық нысан пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындары үшін үлкен қуанышқа айналды. Атап айтқанда, Жұмысшы елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) және Шанақ елді мекенінде заманауи үлгідегі дәрігерлік амбулатория өз жұмысын бастады. Бұл нысандар шалғай ауыл тұрғындарының сапалы әрі уақтылы медициналық көмек алуына мүмкіндік береді.

Медициналық нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов, аудандық ардагерлер кеңесінің ардагері Аманбай Омаров, медицина саласының ардагері Кәрібай Досанбаев, аудандық мәслихат депутаттары, денсаулық сақтау саласының мамандары және жергілікті тұрғындар қатысты.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі ауыл тұрғындарын жаңа медициналық нысандардың ашылуымен құттықтап, бұл жобалардың елді мекен халқы үшін маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, ауылдық жерлерде медициналық қызмет сапасын арттыру – аудан басшылығының басты міндеттерінің бірі. Жаңа нысандар тұрғындардың денсаулығын сақтауға, аурулардың алдын алуға және алғашқы медициналық көмекті дер кезінде көрсетуге септігін тигізеді.

Жергілікті тұрғындар да аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдарда жүзеге асырылып жатқан осындай игі бастамаларға ризашылықтарын білдіріп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға алғыстарын жеткізді.

Айта кету керек, жаңа дәрігерлік амбулатория мен ФАП заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Нысандарда тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге, диагностикалық тексерулер жүргізуге және профилактикалық жұмыстарды атқаруға барлық қажетті жағдай жасалған.

Жалпы, биыл Қазығұрт ауданында 3 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 1 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы толық аяқталып, ел игілігіне берілді. Бұл көрсеткіш аудан бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстардың қарқынды жүріп жатқанын аңғартады.

Осындай жобалардың жүзеге асуы ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартып, медициналық қызметке деген қолжетімділікті арттыруға және өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға оң ықпал ететіні сөзсіз.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: 2025 ЖЫЛДЫҢ 11 АЙЫНДА 1,4 ТРЛН ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

Келесі жаңалық

Түркістан облысында инвесторлармен маңызды келіссөздер жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Январь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі