Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Шағын өндірістік алаңдарда жаңа кәсіпорындар ашылады

6 января, 2026
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Шағын өндірістік алаңдарда жаңа кәсіпорындар ашылады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Инвестициялық құны – 212,8 млрд теңге

Түркістан облысында өңір экономикасын әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында шағын өндірістік алаңдар құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда облыстың аудан және қалаларында жалпы 22 шағын өндірістік алаң қалыптастырылып жатыр.

Аталған өндірістік алаңдардың жалпы аумағы 225,4 гектарды құрайды. Бұл аумақтарда 256 өндірістік ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Өндірістік нысандарда жүзеге асырылатын 152 инвестициялық жоба пысықталып отыр. Аталған жобалардың жалпы инвестициялық құны 212,8 млрд теңгені құрайды.

Осы бағыттағы жұмыстардың барысы мен өзекті мәселелер Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде кеңінен талқыланды. Мәжіліске облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етіп, жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдерінің есептерін тыңдады.

Жиын барысында өңір басшысы өндірістік алаңдарды құру жұмыстарын жеделдету қажеттігін атап өтіп, нақты тапсырмалар жүктеді.

– Барлық аудан және қалаларда өндірістік парктерді құру жұмыстарын 2025 жылдың 20 желтоқсанына дейін аяқтауды тапсырғанмын. Алайда кейбір өңірлерде жұмыс қарқыны өте төмен. Бұл бағыттағы бақылау мен үйлестіру – жауапты басқарма басшысының тікелей міндеті. Өндірістік парктерді дамытуға арналған арнайы жол картасы бекітіліп, іс-шаралардың орындалуы басқарма мен аудан, қала әкімдерінің жеке бақылауында болуы тиіс. Өндірістік алаңдарды заманауи талапқа сай, бәсекеге қабілетті жобалармен толықтыру қажет. Жұмыс орындарын ашу мен өндіріс көлемін ұлғайту – біздің басты мақсатымыз, – деді Нұралхан Көшеров.

Сонымен қатар облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды кешеуілдетіп отырған аудан және қала әкімдерінің уәждерін тыңдап, жұмысты күшейтуді және нақты нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.

Мәжілісте Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов баяндама жасап, шағын өндірістік парктерде орналастырылатын жобалардың салалық бағытына тоқталды. Оның айтуынша, жоспарланған жобалардың басым бөлігі:

құрылыс материалдарын өндіру,

пластик және резеңке бұйымдарын шығару,

жиһаз өндірісі,

жеңіл өнеркәсіп,

химия өнімдерін өндіру салаларын қамтиды.

Қазіргі таңда шағын өндірістік алаңдарды салу бойынша Сауран, Ордабасы, Шардара, Жетісай және Түлкібас аудандарында жұмыс қарқыны жоғары. Бұл өңірлерде кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық артып, нақты жобалар жүзеге аса бастады.

Алдағы уақытта шағын өндірістік алаңдардағы жобалардың ауқымын кеңейту, жаңа инвесторларды тарту және өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады. Бұл бастамалар өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып, халықты тұрақты жұмыспен қамтуға және Түркістан облысын өндірістік орталықтардың біріне айналдыруға мүмкіндік береді.

Алдыңғы пост

Түркістан облысында инвесторлармен маңызды келіссөздер жүргізілді

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 10 ГЕКТАР АУМАҚҚА ЗАМАНАУИ ОРМАН ТҰҚЫМБАҒЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Январь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі